Сезімдер мен эмоция айырмашылығы

Эмоциялар Сезімдер
Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттеріне туып отыратын қысқа ситуациялы көңіл күйі адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса,не болмаса бір нәрсеге мәз болып, шек сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі. Сезімдер адамдардың бір бірімен қарым қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын бір сыдырғы тұрақты процес. Достық, адалдыө сезімдердің адамда бірден қалыптаса қоймайтындығы белгілі. Бұларға жажпыламалық сипат тән, Мәселен, ата атаны, атамекенді, Отанды сүю секілді патриотттық сезімдер осы айтылғандардың мысалдары
Эмоция мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ымишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады. Сезімдерге мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі.
Эмоциялардың қызметін лимби жүйесі мен гипоталамус бөлігі басқарып отырады. Сезім ми қабығының жұмысынан, атап айтқанда динамикалық стереотиптердің әркез жасалып, өзгеріп отыруынан жақсы көрінеді. Мұнда екінші сигнал жүйесінің басқарушылық ролі күшті болады. Сөз арқылы адам сезімдерінің өрісі кеңиді. Мәселен, сөз адамның интеллектікғ эстетикалық, моральдық сезімдерінің қалыптасуына елеулі әсер етеді, соның арқасында сезімдер мен эмоцияларды тәрбиелеуге кең жол ашылады.
Эмоциялар жануарларда да кездеседі. Жануарлар эмоциясы биологиялық сипаттағы реакциялардың жиынтығы. Адам сезімдеріне лайықты көріністер жануарлар психикасында кездеспейді. Адамдардың эмоциялары мен сезімдері қоғамдық тарихи сипатта болып отырады

44.Ерік, ерік-жігер — адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті, оның белгілі бір мақсатқа жету, іс-әрекетті орындап шығу жолында қиыншылықтарды белсенділікпен жеңе білуінен байқалатын ішкі қуаты. Адам қимыл-әрекеттері екі үлкен топқа бөлінеді:



1) Еріксіз әрекеттер (мыс., түшкіру, жөтелу, т.б.);

2) Ерікті әрекеттер.

Ерікті әрекеттер қарапайым қозғалыстан (мысалы, жерге түскен затты көтеріп алу) бастап, ерекше ерлікке (мысалы, жау дзотын кеудесімен жабу) немесе күрделі тарихи қызметке (мысалы, мемлекет құру) дейін болуы мүмкін.

Адам өзінің ерікті әрекетінің алдымен мақсатын белгілейді, бұл тілек немесе ниет түрінде болады. Тілек — келешекте істейтін істің ойға бекуі. Алдындағы мақсаты айқындалған соң, ол әрекеттің орындалу жолын қарастырады, жоспарын сызады. Жоспар жасау — белгілі білімді, өмір тәжірибесін, ой орамдылығын қажет ететін күрделі процесс. Адамның тілегі кейіннен қалауға ауысады. Тілек пен қалау ерік-жігерді толық көрсете алмайды, өйткені бұлар бір-бірімен үйлеспеуі де мүмкін. Осындай жағдайда түрткілер күресі туындайды да, бұлардың нақты жағдайға сәйкес келетін біреуі жеңіп шығады. Содан кейін ғана адам белгілі бір тоқтамға (шешімге) келе алады. Сөйтіп, алға мақсат қою, тілек пен қалау, осы екі түрткінің өзара күресі, тоқтамға келу — бәрі-бәрі жиналып келіп, еріктік амалдың бірінші басқышы — “даярлық кезеңін” құрайды. Ерік әрекетінің негізгі кезеңі — қабылдаған шешімді орындау, жүзеге асыру. Өз шешімін қайткенде де іске асыратын, оны орындамай қоймайтын адамды ерікі жетілген адам деп айтуға болады. Кейбіреулер алдына бұлдыр, көмескі мақсаттар қояды да, оларды орындай алмайды. Ерік сапалары мен қасиеттері адамның іс-әрекетінде қалыптасады. Әрбір адамның өзіне тән ұнамды және ұнамсыз ерік сапалары бар. Еріктің ұнамды қасиеттері: дербестік, батылдық, табандылық, өзін-өзі меңгере алуы мен ұстамдылық. Мысалы, дербестік — адамның алға қойған мақсатын орындау жолында ешкімнің жетегінде кетпей, өз ойымен, сенім-қабілетімен әрекет етуі. Оның қарама-қарсы ұнамсыз түрі — өзгенің сөзіне еріп, иланғыштығы.



Батылдық — өз шешімін именбестен ашық білдіруден байқалады.

Қорқақтық — батылдыққа қарама-қарсы ұнамсыз сапа.

Табандылық — қабылдаған шешімді жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы қажымай, талмай әрекет етуден көрінетін қасиет.

Жаңа дүниеге келген сәбиде ерік болмайды. Оның әрекеті алғашқыда ырықсыз, шартты рефлекстерден тұрады. Баланың ерік сапалары біртіндеп кемелденеді. Ерік тәрбиесінің мақсаты — адам бойында жағымсыз ерік сипаттары көрініс берсе, оларды тежеп, ұнамдыларын жетілдіріп отыру. Ерікті қалыптастыруда адамның өз еркін өзі тәрбиелеу аса маңызды болмақ. Ол үшін адам өзіне-өзі үнемі есеп беріп, тиісті жерінде өзіне бұйырып, ойға алған ісін “жеті рет өлшеп, бір рет пішіп” отыруы тиіс.

45. Стресс (ағыл. stress) қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.

Стресс үш кезеңнен тұрады:

1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;

2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;

3) әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.

Дистресс іс әрекеттің орындалуына кедергі келдіретін, ағзаның жұмылу деңгейін төмендететін стресс.


0746101662635292.html
0746135024228112.html
    PR.RU™